Меню KDT
МЕНЮ
School-gymnasia №22
ул. Жанайдара Жирентаева 16, Нур-Султан 010000
 
+ 7 717 250 17 51

Новости

«Тіл мәртебесі- ел мәртебесі»

«№22МГ» КММ «Тіл мәртебесі- ел мәртебесі» атты тіл мерекесіне орай өткізілген  іс – шаралардың есебі 2020-2021 оқу жылы

       Қазақстан Республикасының тілдер мерекесіне орай мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінде жоспар құрылып, әрбір іс – шара өз уақытында өткізілді.

Қазақстан  Республикасы Үкіметінің   2017 жылғы  31 қазандағы №  689 қаулысымен  ұлт көсемі А. Байтұрсынұлының  туған күні - 5 қыркүйек   «Қазақстан халықтарының тілдері  күні»  болып жарияланғаны  белгілі.

     Карантин жағдайына  байланысты № 22 мектеп-гимназиясында    Қазақстан Республикасы  халықтарының Тілдері күні қашықтықта  өткізілді. 

  Шараның  мақсаты:

       Тіл-ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету.

    Тәуелсіздігіміздің тұғырына көтерілген жылдар ішінде елдің бірлігі артқандай. Елімізде ұлтымыздың ұлы тілімен қатар әлемдік тілдердің де құндылығы жоғары. Қазақ балаларының өзге тілді меңгергеніне қуанып, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сөйлеп, білім алып жатқанын көргенде, бір жасап қаламыз. Ұстаздар қауымының басты міндеті-шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру.

Осы мақсатта қазақ тілі пәні  мұғалімдері жоспарланған  іс-шараларын  өткізді.

«Халық поэзиясы – білім және рухани тәрбиенің көзі» атты тәрбие сағатына 2 - сынып оқушылары қатысты.  2-сынып оқушылары арасында тәрбие сағатты  ұйымдастырған: Әли Г.О  мен Нуртазаева Б. А.

       Тәрбие сағатының мақсаты: 

      Оқушыларды ұлы ақын – Абай Құнанбаевтың шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдерін оқыту арқылы адамгершілікке, әдептілікке, білімге деген құштарлығын арттыру. Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту.

        Тәрбие сағатында  атақты ақын – Абай атамыз туралы ақпарат алмасты. Әрбір жас ұрпақ кішкентай кезінен бастап Абай атамыздың әнімен сусындап, өлеңдерінен нәр алып келеді.Ақын өлеңдерін  он-он бес шақты оқушы мәнерлеп, нақышына келтіріп жатқа оқыды. Тәрбие сағаты өз мақсатына жетті.

     3-сыныпта Әукен С.А пен Риянбек Н.  «Тілдер тағдыры» атты тәрбие сағатын өткізді

     Тәрбие сағатының басты мақсаттырының бірі еліміздегі тұрып жатқан ұлт өкілдерінің ана тілі туралы ақпарат беру, ол тілдерді құрметтуге және үйренуге, ана тілін  сыйлауға шақыру. Берілген іс-шара еліміздегі жағдайға, оқушылардың қашықтықтан оқуына байланысты онлайн түрінде «Zoom» платформасында өтті. Барлығы іс –шараға мектебіміздің  3- сыныптарының 24 оқушысы қатысты. 30 минутқа дайындалған іс-шарада оқушылар қазақша, орысша, немісше, украин тілдерінде өлеңдерді  жатқа оқыды. Және әр тілдің тағдыры туралы видеопрезентация тамашалап, әр тілдің ерекшелігі, сұлулығы, оның өткені мен болашағы туралы қызықты ақпараттар алды. Тәрбие сағатының соңында оқушылар кері байланыс бергенде, өздеріне іс-шараның ұнағанын, тәрбие сағаты қызықты болғанын, және тілді үйрену қызықты және пайдалы, сондай-ақ әр тілді сыйлау керек екенін атап өтті.

Тақырыбы:  « Тіл бірлігі –ел бірлігі»

       Мақсаты: Оқушыларды Отанын сүюге, туған жерін құрметтеуге, ұлтжандылық сезімдерін тәрбиелеуге, өзге ұлт өкілдерінің ана тілімізді оқып үйренуге деген қызығышулығын, қазақ тілінде сөз байлығын арттырып, сөйлеу тілін дамыту.

     Бұл кеш «Тіл бірлігі –ел бірлігі»  ауызша  әдеби  журнал түрінде өтті. Биыл қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығын, қазақ жазушысы, ағартушысы А Байтұрсыновтың 150 жылдығын атап  өтеміз. Дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Абаков А.Т пен Тойчибекова Н.С.

         «Тілдер мерекесі» апталығында 5 қыркүйекте 4 -сыныптар арасында «Сөз мәйегі – мақал- мәтел» атты мақал-мәтелдер сайысы өткізілді. Ұстаздар қауымының басты міндеті-шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Осы мақсатта 4 -сынып оқушылары «Тіл» тақырыбына байланысты жаттап келген мақал-мәтелдерін айтып, мағыналарын түсіндірді.

         Екінші кезеңде  «Мен көп тілді білемін» атты интеллектуалды марафон өткізді. Сайыстың жеңімпаздары анықталды. Олар : Ибрагимова Алвана 4 «К» сынып оқушысы , ІІ орын -Келден Ален 4 «Л», ІІІ орын -Саркенова Жанель 4 «Г».

        Үшінші кезеңде «Тіл мәртебесін ұлықтайық» атты іс-шараға 4 «З» сынып оқушылары арасында сайыс өткізіліп, жеңімпаз топ мақтау қағазымен марапатталды.
        Түйіндей келе, бұл шаралар осы мерекемен ғана шектеліп қалмай, әрі қарай өз жалғасын табады деп ойлаймыз. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» - деп тура айтқан. Олай болса, тілімізді қадірлей білейік!

Іс-шараны жүргізген : Нұрқанова Ж.А және Жүргенбаева А.С.

         Ал 5- сыныптар арасында «Тілге құрмет- елге құрмет» атты  (сыныптан тыс іс – шара)  сайыс түрінде өтті.

     Мақсаты:  - тілге байланысты тақырыпты  ала отыра, сауатты сөйлеуге, жазуға дағдыландыру, тақырыпты қаншалықты меңгергендігін байқау.

  • оқушылардың тіл туралы білімдерін ұштастыра отырып, ой-белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, іздемпаздық қасиеттерін арттыру, ой- шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, ой бөлісе отырып, сөз еркіндігіне баулу.

 

Оқушылардан күтілген нәтижеге қол жеткіздік:

-Тіл үйренуге қызығушылықтары оянды.

- Қазақстан отбасында сөйлеу тілі туралы әңгімелей біледі.

- « Тіл білу- өнер» дегеннің мән мағынасын түсінеді.

-  Шығармашылық жұмысқа үйренді.

- Сабақта туындаған негізгі идеялар тарау бойынша алған білімдерін қолдана алады, тақырып бойынша пікір алмаса  алады.

     «Тілге құрмет – елге құрмет» атты эссе жазу сайысы Тілдер күніне арналды.

Сайыстың мақсаты: оқушыларды ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру; ана тілін қастерлеуге, құрметтеуге баулу; өз Отанының болашақ патриоты, жанашыры болып өсуге насихаттау; Қазақстан халықтарының тілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

     Аталған сайысқа 7- сыныптар оқушылары қатысты. Ұйымдарстырған  – қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Адильгазинова А. Р мен Макаева Б. Е.

       Оқушылар өздерінің эсселерінде Қазақстан – көп ұлтты мемлекет екенін көрсетті. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет. Мемлекеттік тіл – көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы. Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен-кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз деп жазды. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлей аламыз деген ойды білдірді оқушылар.

       Жалпы талдау негізінде әр эссе жазған оқушы алдарына қойылған тақырыпты аша білді, ойларын толық жазды. Дегенмен, әр сайыстың жеңімпаздары болу керек. Терең талдаудың қорытындысы бойынша І орын- Ғабитұлы Ерасыл (7В сыныбы) мен Прибылев Егорға (7Е сыныбы), ІІ орын- Шепелева Виктория (7Л сыныбы) мен Дюсембаева Алтынға (7Е сыныбы), ІІІ орын -Тоқтамысова Ділназ (7Б сыныбы) мен Матюхина Эвелинаға (7К сыныбы) оқушыларына берілді.

        Мұғалімдер Мутаирова Б.К  мен Смаилова А.Д  ұйымдастыруымен 8-сынып оқушылары арасында «Сөз мәйегі-мақал-мәтел» атты сайыс өтті. Сайыс барысында мақал – мәтелге тоқталып, мақал-мәтелдер туралы толық ақпарат берді, содан соң оқушылардан тіл, білім туралы қандай мақал – мәтел білетіндерін сұрап өтті. Әрбір оқушы өздерінің білетіндерін ортаға салып, белсенділік таныта білді. Келесі кезең жұмбақ жарысына ауысып, оқушылар жасырылған жұмбақтың жауабын бірінен кейін бірі шешіп, өздерінің алғырлықтарын таныта білді және де жауабын үш тілде айтып берді. Жеңіске қол жеткізгендер  марапатталды.

        Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеушісі, ғалым А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынов- өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Тілдер мерекесіне арнайы жоспарланған 9 сыныптар арасындағы дөңгелек үстел онлайн түрінде ZOOM платформасында  өтті.

     Мақсаты: әдебиет зерттеушісі А.Байтұрсыновтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін, рухани мұрасын кең көлемде дәріптеу.

       Ахмет Байтұрсынов біріншіден, қазақ тілінің әліппесі мен оқулықтарының авторы, соңынан із салған жаңашыл ағартушы. Екіншіден, араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы.Үшіншіден, қазақ тілі мен әдебиетін, мәдениетін зерттеуші тұңғыш филолог, тарихшы ғалым. Төртіншіден, ол қазақ халқына адал қызмет еткен ірі қоғам қайраткері. Ахмет Байтұрсынов – қыры мен сыры мейлінше мол адам. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын А.Байтұрсыновтың «Әліпбиімен» ашып, ана тілін «Тіл құралы» арқылы оқып үйренген. А.Байтұрсыновтың жас қазақ ғылымына еткен қызметі тіл білімі саласында емес, әдебиеттану саласында да айтарлықтай болды.

      Әрине алдын ала оқушыларға тапсырма берілген, олар ізденіп, дайындалды. Дөңгелек үстел барысында «Қазақ тілінің негізін қалаушы - А.Байтұрсынов», «А.Байтұрсынов  өмірі», «А. Байтұрсынов шығармалары» тақырыптарындағы баяндамалары тыңдалды.

Соңында сұрақ-жауап әдісі де қолданылды.  Сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері Нурова М.К мен Базарова Г.С  кезектесіп  « Ұлы ұстаз, ұлы тұлға» жайлы сөз сөйледі.

 

       2020 жылғы 5 қыркүйекте онлайн режимінде ZOOM платформасында ұлы ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Әбу Насыр Әл-Фараби-ұлы тұлға» атты тақырыбында онлайн-дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді.  Дөңгелек үстелге

10-сынып оқушылары қатысты. Өткізгендер: Арыстанова Р.Р., Кустаубаева З.С.                           

   Дөңгелек үстелдің мақсаты — оқушыларды Әл-Фарабидің ғылыми мұрасының көпқырлы қызметі мен өмірімен танысу.

      Оқушылар онлайн-дөңгелек үстел барысында Әл-Фарабидің мұрасын талқылады.

Олар өздерінің зерттеу жұмысын жүргізу барысында Әл-Фараби — Ибн Сина, аль-Бируни, Омар Хайям, Наср ад-Дин ат-Туси т.б. атақты философтар мен ғалымдар мұсылмандық Шығыстағы, оның ішінде Орта Азия мен Қазақстанда прогрессивті әлеуметтік-философиялық ойдың негізін қалаушылардың бірі және ол таза философиялық және логикалық еңбектермен қатар көптеген табиғи-математикалық және жаратылыстану-философиялық еңбектер жазғаны туралы, Әл-Фараби шығыста да, батыста да ғылымның одан әрі дамуына үлкен әсер еткен бай ғылыми мұра қалдырғаны жайлы үлкен жұмыс атқарды.

      Оқушылардың дөңгелек үстел барысында бұл ойшылдың ғылыми мұрасын зерттеу, оның әлемдік ғылым мен өркениетке әсерін анықтау бүгінгі күні де өзекті тақырыптың бірі екеніне әбден көздері жетті. Әбу Насыр Әл-Фараби туралы мәліметтер топтастырылған қысқаша бейнематериалдар көрсетілді.

       Ұлы ойшыл Әл-Фарабидің еңбектерін әлі де тереңдетіп зерттей түсу-бұл болашақ жастардың ісі. Сондықтан, осындай дөңгелек үстелді ұйымдастыру арқылы жастарға тәрбие беру және жастардың болашаққа деген ынтасын арттыру көзделді.

      Дөңгелек үстел барысында оқушылар өз пікірлерімен бөлісті. Әл-Фарабидің рухани мұрасын сақтауға, зерделеуге және насихаттауға бағытталған жұмыстар жүргізуге болатыны туралы идеяларын ұсынды. Осы ұйымдастырылған  дөңгелек үстелдің әлеуметтік мәні зор  әрі жастарға берер тәлімдік-тәрбиелік маңызы орасан екеніне сенімдіміз.

 



      5 қыркүйек күні  жыр дүлдүлі, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдық мерейтойына арналған "Жыр құлагері" атты конференция өтті. Аталған шараға 11-сынып  білімгерлері  қатысты.

      Бұл шараның мақсаты: жас буындар арасында Ілияс Жансүгіров шығармашылығын насихаттау. Ақын туралы тереңірек мәлімет беру, өмір жолымен таныстыру, адамгершілікке тәрбиелеу. Ілияс ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, поэзияны сүюге баулу.

     Оқушылар қазақ поэзиясының «Құлагері» сөз бен музыка, әуен, әуез әлемінің сұлу сарайын соққан «Күй жыршысы», сыршыл, сыншыл, әрі талғампаз лирик, кең тынысты, биік өрісті, шыншыл ақын екені жайлы сөз қозғап, І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы, білім алған оқу орындары жөнінде әңгімеледі. Ілияс Жансүгіров шығармаларының әлемдік әдебиетте алар орны, ағартушылық қызметі мен педагогикалық идеяларына тоқталды.

      Тыңдармандар  «Күй», «Ветер» өлеңдерін мәнерлеп оқып, 11 В сынып оқушысы Файзуллаева Айнұр «Гималай» атты өлеңінен үзінді оқыды.

 

     Конференцияға қатысқан Найманова Жібек, Сакенова Сабина, Нуриев Зиятхан, Алиманова Жасмин, Кама Данаел ақынның  «Құлагер» «Қарындастарыма», «Арман», «Күй», «Күйші», «Домбыра» т.б  өлеңдерін оқыды.  Осындай іс-шаралардың жастарға берері мол. Өйткені І.Жансүгіровтың «Құлагер», «Күйші» т.б дастандарын жас ұрпақ біліп, оқып өссе еліміздің болашағына өз әсерін тигізеді. Ел игілігі үшін аянбай еңбек еткен айтулы тұлғалар жастарға үлгі болары анық.

       «Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, Ел тегі алсын қайдан кемеңгерді» дей келе ақын жырлары ғасырдан ғасырға жалғасып, қалың елдің жүрегінде мәңгі сақтала береді деген сенімдеміз.

Іс-шаралардың барлығы  өз уақытымен тиянақты, әрі қызықты өткізілді, қойылған мақсатына жетті.

#Мемлекеттіктілмерейім #Менқазақшасөйлеймін #МенАбайдыжырлаймын


 

Қазақ тілінің  ӘБ жетекшісі: М.Нурова




09.09
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь